Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түйткілді мәселелер тыңдалды

Түйткілді мәселелер тыңдалды

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданының бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңның нормаларын түсіндіру мақсатында көшпелі семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімдері, аудан әкімдігіне және аудандық білім, мәдениет, спорт бөлімдеріне бағынысты мекемелердің басшылары мен мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандары қатысты.
Семинар-кеңестің бағдарламасына сәйкес облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мен ішкі аудит департаментінің қызметкерлері семинарға қатысушыларға 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң мен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қағидалардың нормаларын түсіндіріп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажет екендігіне тиісті түсіндірмелер берді.
Шара соңында, қатысушылардың жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, жаңа Заңның нормаларына қатысты қойылған бірқатар сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

09 қараша 2024 ж. 202 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930