Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рәміздер – тәуелсіздік тұмары

Рәміздер – тәуелсіздік тұмары

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бейсенбі күні аудан жұртшылығы Рәміздер алаңында айтулы мерекені атап өтті. Патриоттық шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын мерекенің шымылдығы Әнұран шырқалып, Мемлекеттік тудың көтерілуімен түрілді. Одан соңбір топ домбырашылар «Көңілашар» күйі күмбірлетіп, мың бұралған бишілер ерекше қойылымымдарын ұсынды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы сөз сөйлеп, барша қазалылықтарды елдік пен бірліктің маңызын айқындайтын айшықты мерекемен құттықтады.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады», – деген болатын. Еліміз Тәуелсіздік алған соң даму жолында тапжылмай жылжуға мүмкіндік беретін маңызды жетістіктерге жетті. Бұл жолда қол жеткізген үлкен жетістіктердің барлығына да киелі Сыр өңірі мен қазыналы Қазалы ауданының қосқан үлесі зор.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңірге жасаған қолдауының нәтижесінде, 4 жылдан астам уақыт аймақты басқарған Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен ауданымызда мақсатты бастамалар қолға алынып, ел игілігіне бағытталған көптеген жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының басшылығымен, аудан халқына деген қолдауымен ауқымды жобалар жүзеге асатын болады. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істеріміздің ұйытқысы бола берсін. Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа басқан әр қадамымыз нық, ел іргесі берік болсын. Елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болғай, – деді аудан әкімі.
Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесін арттыруға арналған жиын өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан түрлі сала мамандарын марапаттау рәсімімен жалғасты. Сондай-ақ аудан басшысы шара барысында жаңадан қабылданған жас мамандарға мемлекеттік қызметшінің куәлігін салтанатты түрде табыс етті.
Мерекелік іс-шара ауданның шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың ұлттық болмысы мен тәуелсіздігінің айғағы. Елдігіміздің ең қастерлі құндылықтарына айналған рәміздеріміз әрдайым бірлігімізді бекемдеп, болашаққа бастар жарқын жолымыздың темірқазығы бола бермек.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
06 маусым 2026 ж. 25 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 29

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 24

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930