Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында Рәміздер күніне арналған мерекелік шара өтті

Қазалы ауданында Рәміздер күніне арналған мерекелік шара өтті

Қазалы ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай «Рәміздерім мақтанышым» атты мерекелік салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Qazaly.kz ақпарат агенттігі.

Аудан орталығындағы Рәміздер алаңында ұйымдастырылған патриоттық шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Мерекелік шара домбырашылардың орындауындағы «Көңілашар» күйімен басталып, бишілер тобының ерекше қойылымымен жалғасты. Салтанатты шарада аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы сөз сөйлеп, барша қазалылықтарды елдік пен бірліктің маңызын айқындайтын айшықты мерекемен құттықтады.
— Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады», — деген болатын. Еліміз Тәуелсіздік алған соң даму жолында тапжылмай жылжуға мүмкіндік беретін маңызды жетістіктерге жетті. Бұл жолда қол жеткізген үлкен жетістіктердің барлығына да киелі Сыр өңірі мен қазыналы Қазалы ауданының қосқан үлесі зор.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңірге жасаған қолдауының нәтижесінде, 4 жылдан астам уақыт аймақты басқарған Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен ауданымызда мақсатты бастамалар қолға алынып, ел игілігіне бағытталған көптеген жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының басшылығымен, аудан халқына деген қолдауымен ауқымды жобалар жүзеге асатын болады. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істеріміздің ұйытқысы бола берсін. Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа басқан әр қадамымыз нық, ел іргесі берік болсын. Елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болғай, — деді аудан әкімі.

Мерекелік жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант берді.
Шара соңында аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, жиылғандарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Фото: Қазалы ауданы әкімдігі
04 маусым 2026 ж. 107 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930