Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күні

4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күні


Бүгін Қазалыда 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесі аясында патриоттық шара ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы Рәміздер алаңында өткен мерекелік іс-шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты.
Мерекелік жиында аудан әкімі Қазалы жұртшылығын мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздер Тәуелсіздіктің баға жетпес құндылығы екенін жеткізіп, өңірде атқарылып жатқан игі істер жайында айтып өтті.
-Мемлекеттік рәміздер – әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін айшықты белгілер. Еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу, қадір-қасиетін ұғыну, оларды қолдану тәртібін сақтау – бәріміздің перзенттік парызымыз. Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, Гимніміз – айбынды болсын деймін. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін, - деді аудан әкімі.


Жиында бірқатар сала қызметкерлері ауданымыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене қатысып, зор үлес қосқаны үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке жаңадан жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде ант беріп, аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқады.
04 маусым 2025 ж. 213 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 146

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 138

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930