Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рәміздер – тәуелсіздік тұмары

Рәміздер – тәуелсіздік тұмары

Кеше Әйтеке би кентінде орналасқан алаңда 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің мақтанышым» атты салтанатты шара өтті.
Тәуелсіздік нышандары ұлықталған мерекелік жиын Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының дайындаған қойылымымен ашылды. Шараға қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев:
– Әр елдің елдігін, әр мемлекеттің мемлекеттігін айқындайтын әрине оның шекарасы, астанасы, рәміздері екені анық. 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!, – деп жүрекжарды лебізін білдірді.
Шарада мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған Қазалы ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы Аман Кеңесбаев және Мұратбаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рахметолла Әбен ант қабылдады.
Сонымен қатар мемлекеттік нышандардың мәртебесі асқақтаған күнде бірқатар сала қызметкерлері мерекелік Алғыс хаттпен марапатталды.
Тәуелсіздік пен мемлекет символына айналған Рәміздер алаңында мәдениет қызметкерлері патриоттық ән шырқап, шараның сәнін келтірді. Болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, көк туымыздың байрағы байтақ дала мен аспан астында мәңгі желбірей берсін!

Бану ШӘЙКЕНОВА,
Әйтеке би кентінің баспасөз хатшысы
05 маусым 2021 ж. 1 051 0

Тымақтағы тылсым қасиет

13 маусым 2026 ж. 81

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 81

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 71

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930