Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ерекше қауіпті зиянкестерге қарсы кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Мамандар тарапынан зиянкестердің таралу аумақтарын анықтау үшін тұрақты мониторинг ұйымдастырылып, фитосанитариялық жағдай күнделікті бақылауға алынған. Зерттеу жұмыстарына арнайы мамандар жұмылдырылып, ауылдық округтер мен шаруашылықтарда бақылау шаралары күшейтілді.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күреске заманауи техникалар мен арнайы құралдар тартылып, химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда бірқатар аудандарда өңдеу жұмыстары толық аяқталып, қалған аумақтарда жалғасуда.
Сонымен қатар, азиялық шегірткеге қарсы да тиісті шаралар қабылданып, зиянкестер анықталған жерлерде арнайы техникалардың көмегімен өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау, өнімнің сақталуын қамтамасыз ету және фитосанитариялық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Жалпы, өңірдегі фитосанитариялық жағдай тұрақты бақылауда. Мамандар анықталған ошақтарға дер кезінде әрекет етіп, зиянкестердің таралуының алдын алу бойынша қажетті жұмыстарды атқаруда.
02 маусым 2026 ж. 23 0

Балаларға базарлық

02 маусым 2026 ж. 51

Тағзым мен тағылым

02 маусым 2026 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930