Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды

Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды

Қызылорда қаласында облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың төрағалығымен ерекше қауіпті шегіртке зиянкестері мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және химиялық өңдеу жұмыстарын атқаратын техникалардың дайындығына арналған облыстық семинар отырысы өтті.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды

Жиын барысында 2026 жылға жоспарланған фитосанитариялық іс-шаралардың негізгі бағыттары мен дайындық деңгейі жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, биыл Азиялық шегірткеге қарсы – 33 350 гектар, италиялық прусқа қарсы – 31 830 гектар, саяқ шегірткеге қарсы – 55 540 гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды

Семинар отырысында зиянкестерге қарсы күрес шараларын тиімді ұйымдастыру үшін тартылатын техникалардың дайындығы да қаралды. Биылғы науқанда 6 арнайы жер агрегаты, 2 жеңіл ұшақ, 1 аса жеңіл ұшақ, 6 пилотсыз авиация құралы (дрон) және 1 аэрозольды генераторды пайдалану көзделуде.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар сала басшылары баяндама жасады. Облыстық аумақтық инспекция басшысы М. Оразбаев ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар туралы мәлімет берді.
Ал облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т. Дүйсебаев зиянды организмдерге қарсы жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастырылуы мен жоспарлары жөнінде баяндады.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы А. Айтбаев өңір аумағындағы зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қатысты жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының барысына тоқталды.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды

Сонымен қатар, фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыратын мердігер мекемелердің техникалық дайындығы да кеңінен қаралды. Бұл бағытта «АВИАКОМПАНИЯ «ДЕЛЬТА-ЮГ» ЖШС өкілі А. Уалиханов, «Бағжан» ЖК және «Защита растений-К» мекемесінің облыс бойынша өкілі Т. Қалшораев, сондай-ақ «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалының директоры Ж. Дүзелбаева тиісті баяндамаларын ұсынды.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды

Жиын қорытындысында алдағы фитосанитариялық науқанды сапалы әрі уақытылы жүргізу, техникалардың толық дайын болуын қамтамасыз ету және жауапты мекемелердің өзара үйлесімді жұмысын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарының дайындық барысы қаралды
06 мамыр 2026 ж. 174 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031