Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаттық сыйлаған шырша тойы

Шаттық сыйлаған шырша тойы

Жарқыраған шамдармен безендірілген жасыл шырша, мерекелік әуендер, Аяз ата мен Ақшақардың келуі – балалар үшін нағыз сиқырлы әлемнің есігін ашады. Сол сәттерде әрбір бала қуанышқа бөленіп, жүздеріне күлкі мен шаттық ұялайды.
Дәстүрлі түрде аудан әкімінің бастамасымен ұйымдастырылатын жаңа жылдық шырша – мерекенің ең басты көрінісі саналады. Биылғы шара Әйтеке би кентіндегі «ROYAL PALACE» салтанат сарайында «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты атаумен өтті. Мерекелік іс-шараға аудан мектептерінен шамамен 130 оқушы қатысты. Шараның шымылдығы ертегі кейіпкерлерінің қызықты қойылымымен ашылып, балалар көтеріңкі көңіл күйге кенелді.
Балалардың қуанышына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ортақтасып, оларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«Президентіміздің және аймақ басшысының қолдауымен балалардың болашағы жарқын болуы үшін, жайлы да сапалы өмір сүрулері үшін ауқымды жұмыстар қолға алынды. Қазалы ауданында жыл сайын білім алатын, өнер үйренетін, шыңдалатын мектептер, спорт кешендері салынып, балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалуда.
Мәселен, биыл Жанқожа батыр ауылында Президент тапсырмасы бойынша 300 орындық «Келешек мектебі» ашылды. Бос уақыттарыңызда келіп білімдеріңізді жетілдіретін «Руханият» орталығы, спортпен шұғылдануға арналған «Әмір арена» және басқа да спорт кешендері мен ойын алаңдары пайдалануға берілді. Аудан орталығындағы Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп ғимаратының алдына жаңа ойын алаңдары салынды. Әйтеке би кентіндегі Мәдени-демалыс кешенінде және Бекарыстан би мен Қожабақы ауылдарында үш бірдей спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Биыл қазалылық балалар үшін тағы бір қуанышты жаңалық – аудан орталығында Қазалы мәдени-демалыс кешенінің ашылуы. Кешен ішінде отбасылық демалыс саябағы, ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар, бассейн сынды балалардың қуанышын арттыратын орындар бар. Ел ертеңі – сіздер, балалар. Келер жылы алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, ата-аналарыңызды қуантып, білімді де білікті болыңыздар», – деді аудан басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мерекелік шара барысында Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алған балалар ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайып қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар аудан әкімінің атынан арнайы сый-сыяпаттар табыс етіліп, қатысушыларға мерекелік тәттілер ұсынылды.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
31 желтоқсан 2025 ж. 21 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 22

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 24

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 22

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 32

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 28

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 22

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031