Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 мыңға жуық қызылордалыққа сертификат табыстады

3 мыңға жуық қызылордалыққа сертификат табыстады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы биылғы жылдың 3 айында 2760 қызылордалыққа цифрлық сауаттылығын арттырғаны туралы сертификат табыстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан қысқа мерзімді курстарда түрлі мамандық иелері кең қолданыстағы цифрлық тұғырнамалармен дұрыс әрекет ету жолдарын үйренуде. Оқыту сабақтары Халыққа қызмет көрсету орталықтарының алаңында немесе жергілікті мекемелердің шақыруы бойынша арнайы мобильді топтармен жүргізілуде.
«Шара барысында филиал мамандары тыңдаушыларға қарапайым электронды үкімет порталына тіркелуден бастап, электронды цифрлық қолтаңба және бір реттік смс-хабарлама арқылы онлайн форматта алуға болатын анықтамалар, сондай-ақ проактивті, композитті қызметтер туралы толық ақпарат беруде. Бұған дейін мемлекеттік корпорация мүдделі мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік қызметкерлерге, білім және медицина және басқа да еңбек ұйымдарында 20 мыңға жуық адамға цифрлық қызметтер алу дағдылары бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын», - делінген хабарламада.
Бүгінде филиалдың барлық фронт-офистерінде «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс жасайды. Онда азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 450-ден аса электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, жыл басынан бері «Connection Point» арқылы 500 мыңға жуық қызылордалық өздігімен қызмет алған.
Baq.kz
23 тамыз 2018 ж. 1 455 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 153

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031