2026 жылы елімізде 74 бала өз-өзіне қол жұмсаған
2025 жылдың қорытындысында кәмелетке толмаған қылмыс құрбандарының саны 3 549 адам болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,1%-ға аз.
Фото: pixabay.comҚазақстанда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар алаңдатарлық үрдістер байқалып отыр. Finprom деректеріне сүйенсек, балалар арасындағы қылмыс, зорлық-зомбылық салдары мен суицид әрекеттері қоғам үшін өзекті мәселеге айналған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарақат пен уланудан зардап шеккен балалар саны азайғанымен, көрсеткіш әлі жоғары
2025 жылы жарақат, улану және сыртқы факторлардың әсерінен зардап шеккен кәмелетке толмағандар саны 179,6 мың адам болды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға төмен.
Жас ерекшелігі бойынша:
– 14 жасқа дейінгі балалар арасында көрсеткіш 138,3 мың адамға жетіп, 2,8%-ға азайды;
– 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында керісінше өсім байқалып, көрсеткіш 41,3 мың адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға жоғары.
100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш те екі жас санатында аздап төмендеген.
Балалар арасындағы суицид әрекеттері жүздеп тіркелген
Статистика кәмелетке толмағандар арасындағы суицид мәселесінің әлі де өткір екенін көрсетеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша:
– аяқталған суицид саны – 199;
– суицид әрекеттері – 405.
Бұл жалпы алғанда 604 жағдай. Ал 2026 жылдың алғашқы төрт айында:
– 74 аяқталған суицид;
– 120 суицид әрекеті тіркелген.
Салыстыру үшін, 2025 жылдың осы кезеңінде жалпы көрсеткіш 317 болған.
Балаларға қарсы қылмыс азайған, бірақ кей бағыттарда өсім бар
2025 жылдың қорытындысында кәмелетке толмаған қылмыс құрбандарының саны 3 549 адам болған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,1%-ға аз.
Соған қарамастан, кейбір қылмыс түрлері айтарлықтай өскен:
– кәмелетке толмағандар саудасы – 3,2 есе артқан;
– алимент төлеуден жалтару және балаларды қамтамасыз етпеу фактілері – 67,2%-ға көбейген;
– ұрып-соғу фактілері – 29,9%-ға өскен.
2026 жылдың алғашқы төрт айында балаларға қарсы құқықбұзушылық құрбандарының саны 5,7%-ға артқан.
Балалар арасындағы қылмыс күрт көбейген
Статистика кәмелетке толмағандардың өздері жасайтын құқықбұзушылықтардың да өсіп жатқанын көрсетеді.
2025 жылы:
– құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар саны 2 544 болды;
– бұл 2024 жылмен салыстырғанда 30,5%-ға көп.
Әсіресе ауыр және аса ауыр қылмыстардың өсімі назар аудартады:
– ауыр және аса ауыр қылмыстар – 47,2%-ға артқан;
– жеңіл қылмыстар – 45,8%-ға өскен;
– зорлау фактілері – 2,9 есе көбейген.
2026 жылдың алғашқы төрт айында жалпы көрсеткіш төмендегенімен, кей санаттарда өсім сақталған.
Қоғам не дейді?
Әлеуметтік зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың басым бөлігі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тәрбие құралы ретінде қабылдамайтынын көрсетті.
Сауалнамаға қатысқандардың:
– 60,5%-ы балаларға күш қолдануды ақтауға болмайды деп санайды;
– 29,5%-ы кей жағдайда мұны ақтауға болады деген пікір білдірген;
– 8%-ы толық келісетінін айтқан.
Зерттеу сондай-ақ бала кезінде зорлық көрген адамдар арасында психологиялық жарақат, депрессия, суицидтік ойлар мен әлеуметтік қиындықтар жиірек кездесетінін көрсетті.
Психологиялық жарақат – ең жиі аталатын салдардың бірі
Респонденттердің көбі отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі салдары ретінде:
– психологиялық жарақатты;
– қорқыныш пен күйзелісті;
– депрессия мен суицидтік ойларды;
– оқудағы және әлеуметтенудегі қиындықтарды атаған.












