Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл жол апатынан 1300 адам көз жұмған

Биыл жол апатынан 1300 адам көз жұмған

Жол апатынан зардап шеккендер саны бір жылда 11%-ға өскен. 2021 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда 8,3 мың жол апаты тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2%-ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл 8 айда елде 8,3 мың жол апаты болған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға артық. Өткен жылы осы кезеңде елде 7,5 мың жол апаты тіркелген, бір жылда минус 25,4%. 2021 жылы жол апаты Алматыда жиі тіркелген: 2,2 мың дерек, өткен жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық. Сондай-ақ жол апаты жиі тіркелетін өңірлердің қатарына Алматы (1,5 мың дерек, плюс 19%), Жамбыл (707 дерек, плюс 19%) облыстары енді. Жол-көлік оқиғасы Солтүстік Қазақстан облысында өте аз тіркелген: 107 дерек, өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға аз. Жол апатының саны елордада айтарлықтай өскен: 349 дерек, бір жылда плюс 47,9%, ал Түркістан облысында керісінше азайған: 436 дерек, бір жылда минус 21,2%. Жыл басынан бері жол апаты салдарынан 12,2 мың адам зардап шеккен, бір жылда көрсеткіш 11,2%-ға артқан. Оның ішінде 10,9 мың адам түрлі дене жарақатын алған (5,9 мың ер адам, 5,1 мың әйел және 2,2 мың кәмелетке толмаған). 4,9 мың адам ауруханаға жатқызылып, 1,3 мың адам жол апатынан қаза тапқан (911 ер адам, 347 әйел, 118 кәмелетке толмаған бала). Алматы қаласы (2,6 мың адам), сондай-ақ Алматы (2,4 мың адам) және Жамбыл (1,2 мың адам) облыстарында зардап шеккендер саны өте көп, ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше зардап шеккендер саны аз (169 адам). Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет дерегінше, жол апатының 72,6%-ы немесе 6030 дерек елді мекендерде, тағы 1 512 дерек халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда, 765 дерек облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген. Жол апаты көбінесе көліктердің соқтығысуынан (3420 дерек), жаяу жүргіншілерді соғу салдарынан (2897 дерек) болады. 87% жағдайда жүргізушілер жол апатына кінәлі деп танылады (7256 дерек), оның ішінде 322 адам мас болған немесе есірткі пайдаланған. Елде бағыттас немесе көлікті бүйірден соғу салдарынан адамдар жиі қаза табады (қаза тапқандардың жалпы санының 40,5%-ы). Екінші орында – жаяу жүргіншілерді соғу (қаза тапқандардың жалпы санының 26,9%-ы). Жылдамдықты арттырудан 1 990 жол апаты тіркелген, салдарынан 405 адам қаза тапқан.
05 қазан 2021 ж. 408 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930