Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда АЭС құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстанда АЭС құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Фото: pixabay.com
Атом энергиясы агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде қол қойылуы мүмкін құжаттарды жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Владимир Путиннің мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан мен Ресей алғашқы атом электр станциясын салу туралы екі үкіметаралық келісімге қол қоюы мүмкін. Бұл құжаттар АЭС құрылысын және жобаның қаржылық аспектілерін қамтиды.
Сонымен қатар "Росатом" бас директоры Алексей Лихачевтің айтуынша, Қазақстанның алғашқы атом электр станциясының белсенді құрылысы 2027 жылы басталады.
Станция 2030 жылдардың ортасында жұмыс істей бастайды деп жоспарланды.
"Біз оны кезең-кезеңімен, блок бойынша, бірінші және екінші блоктар арасында 8-10 айлық үзіліспен іске қосамыз деп ойлаймын. Біздің мақсатымыз – бұл жобаны 2030 жылдардың ортасына дейін аяқтау", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан АЭС салу үшін 13 миллиард долларға дейін Ресейден несие алатыны хабарланған еді. Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, АЭС құрылысын қаржыландыруға қатысты мәселе туындамайды. Қазір Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық несие тетігін пысықтап жатыр.
Жобаның нақты құны жобалау аяқталған соң белгілі болады. Алдын ала есеп бойынша, қуаты 1 200 мегаватт екі энергоблоктың бағасы шамамен 15 миллиард доллар болады. Сәтқалиевтің сөзінше, бірінші станция бойынша жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр. Ол жобалау кезеңі орта есеппен 5–7 жылға, ал құрылыс 10–15 жыл уақыт алатынын айтты.
Сонымен қатар Қазақстанда Ұлттық атом холдингін құру жоспарланып отыр. Ол барлық Атом электр станциясының иесі болып, оларды пайдалану және сервистік қызмет көрсетумен айналысады.
28 мамыр 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031