Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда екінші АЭС құрылысына қатысты шешім күзде қабылданады

Қазақстанда екінші АЭС құрылысына қатысты шешім күзде қабылданады

Құрылысқа Қытайдың жетекші атом компаниясы қатысады және техникалық қолдау көрсетеді.
Фото: Pixabay
Қазақстанда салынатын екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша нақты шешім биыл күзде қабылданады. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, жоба Қытай тарапымен бірлесіп жүзеге асырылады. Құрылысқа Қытайдың жетекші атом компаниясы қатысады және техникалық қолдау көрсетеді.
“Жұмысты созбалаңға салу жоспарда жоқ. Күзге дейін негізгі деректер мен жобаның жүзеге асатын алаңы нақтыланады. Мүмкін, бұдан ертерек те белгілі болуы ықтимал” – деді Скляр.
Ол сондай-ақ екі АЭС құрылысының нақты құны жобаның технико-экономикалық негіздемесі дайын болған соң жарияланатынын атап өтті.
Еске салайық, Қазақстандағы алғашқы атом станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданында бой көтермек. Бұл нысанды ресейлік «Росатом» компаниясы салады. Ал екінші АЭС-ті Қытайдың CNNC корпорациясы тұрғызуы мүмкін екенін бұған дейін Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сатқалиев хабарлаған еді.
17 маусым 2025 ж. 335 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031