Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей қазақ жеріне АЭС салуға дайын – елші

Ресей қазақ жеріне АЭС салуға дайын – елші

Ресейдің мемлекеттік "Росатом" корпорациясы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына кірісуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.
Бұл туралы РФ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, электр қуатының тапшылығы болжанып отырған жағдайда Қазақстан үшін АЭС құрылысы маңызды.
Қазақстан да әлемнің өзге мемлекеттері сияқты таза энергетикаға зәру. Бұл саладағы тиімді шешімдердің бірі – атом электр станциясы. Электр қуатының тапшылығы болжанып отырған жағдайда Қазақстан үшін АЭС құрылысы маңызды. Росатом бұл жобаға кірісуге дайын, станцияның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына кепілдік береді, деді РФ елшісі Алексей Бородавкин.
Оның сөзінше, Ресей атомына сенімсіздік пен үреймен қарайтындар қателеседі. Ресей АЭС-терінде ең озық заманауи технологиялар қолданылады.
Таза электр қуатын айтпағанда, АЭС жобасы Қазақстан экономикасының салаларына мықты серпін береді, жоғары білікті жұмыс орындарын ашып, ядролық физика саласындағы жоғары білім сапасын арттырады, деп қосып қойды Алексей Бородавкин.
11 ақпан 2021 ж. 2 718 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 305

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031