Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын кім жүргізетіні белгілі болды

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын кім жүргізетіні белгілі болды

Фото: corpmsp.ruҚазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі елімізде салынатын алғашқы атом электр станциясын (АЭС) жүзеге асыруға жауапты халықаралық консорциумның көшбасшысын ресми түрде анықтады.

Бұл шешім әлемнің жетекші атом энергетикасы компанияларымен жүргізілген ашық әрі бәсекеге қабілетті келіссөздер нәтижесінде қабылданды.

Агенттік жүргізген жұмыстар аясында халықаралық сарапшылардың қатысуымен реакторлық технология өндірушілерімен кең ауқымды диалогтар өткізілді. Компаниялардың өндірістік объектілеріне сапарлар ұйымдастырылып, әр үміткердің техникалық және коммерциялық ұсыныстары мұқият зерттелді.

Нәтижесінде, “қысқа тізімге” келесі төрт алпауыт компания енді:

“Росатом” (Ресей);
“China National Nuclear Corporation” (Қытай);
“Électricité de France” (Франция);
“Korea Hydro & Nuclear Power” (Оңтүстік Корея).
Бұл компаниялар Қазақстанда АЭС салу бойынша кешенді ұсыныстар пакетін ұсынды. Материалдарда құрылыс құны, мерзімі, қаржыландыру модельдері, жабдықтарды жергіліктендіру, кадр даярлау, ғылыми әлеуетті дамыту, ядролық отынмен қамтамасыз ету және әлеуметтік жауапкершілік бойынша нақты мәліметтер қамтылды.

Ұсыныстарды бағалау “Қазақстандық атом электр станциялары” ЖШС және француздық Assystem инженерлік компаниясымен бірлесіп әзірленген әдістеме бойынша жүргізілді. Бағалау кезінде қауіпсіздік, технологиялық тиімділік, халықаралық тәжірибе, кадрлық ресурстар, жергілікті қамту деңгейі және қаржылық тиімділік сияқты бірнеше маңызды критерийлер ескерілді.

Аталған кешенді сараптаманың нәтижелері еліміздің Ведомствоаралық комиссиясының қарауына ұсынылып, ең тиімді әрі оңтайлы ұсынысты ресейлік “Росатом” компаниясы ұсынғаны анықталды. Екінші орынға Қытайдың CNNC компаниясы ие болса, Франция мен Оңтүстік Кореяның ұсыныстары үшінші орынды бөлісті.

Осылайша, “Росатом” Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын жүзеге асыратын халықаралық консорциумның көшбасшысы болып танылды. Қазіргі таңда аталған жобаны қаржыландыру мақсатында Ресей тарапынан мемлекеттік экспорттық қолдау тетіктері пысықталуда.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік шетелдік серіктестерімен бірлесе отырып, Қазақстанда АЭС салу бойынша стратегиялық маңызды жобаны іске асыруда өз жұмысын жалғастыра бермек. Жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, жоғары технологиялар мен жаңа жұмыс орындарын тартуға жол ашады деп күтілуде.
14 маусым 2025 ж. 157 0

Әлемде мұнай қымбаттады

14 маусым 2025 ж. 167

Ақхалаттылар ардақталды

14 маусым 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30