Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға арналған жаңа жүйе іске қосылды

Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға арналған жаңа жүйе іске қосылды

1 маусымнан бастап Ресейде тауарларды күтуді растау ережесі өзгереді
Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға арналған жаңа жүйе іске қосылды
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанның Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті отандық тасымалдаушылар мен жүк көлігі жүргізушілеріне маңызды мәлімдеме жасады. 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ресей Федерациясына автокөлікпен жүк тасымалдау ережелері айтарлықтай өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаздың басынан бастап Ресейде тауарларды күтуді растау жүйесі іске қосылады. Жаңа ережеге сәйкес, Ресей тарапындағы тауарды қабылдап алушы жүк жеткізілмей тұрып, алдын ала арнайы құжатты рәсімдеп, міндетті QR-код алуы қажет.
«Автокөлікпен тауар әкелу кезінде Ресей Федерациясындағы жүк қабылдаушы алдын ала алдағы жеткізілім туралы құжатты рәсімдеп, QR-код алуы тиіс. Бұл QR-код жүргізушіде болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетілуі шарт. Расталған QR-кодтың болмауы Ресей Федерациясына жібермеуге және көлікті кері қайтаруға әкеп соғады», — деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Құжаттарды ресімдеудегі кез келген қателік немесе немқұрайлылық шекарадан өту уақытын ұзартып, кептеліс тудыруы мүмкін. Сондықтан МКК мамандары тасымалдаушыларға бірнеше ережені қатаң сақтауды ұсынды. Алдын ала тексеру – шекарадағы өткізу пунктіне жетпес бұрын Ресейдегі серіктестен СПОТ жүйесі арқылы QR-кодтың рәсімделгенін нақтылап алу, форматы – QR-код жүргізушінің телефонында электронды түрде немесе қағазға басып шығарылған нұсқада болуы тиіс, мәліметтерді салыстыру – QR-кодтағы деректерді жүк құжаттарымен (тауар түрі, саны, көлік нөмірі және қабылдаушы туралы ақпарат) мұқият тексеру.
Талаптар туралы толық ақпаратты Ресейдің Қаржы министрлігінің ресми ресурстарынан білуге болады. Мекеме қазақстандық жүргізушілерді шекарадағы түсініспеушіліктерді болдырмау үшін тасымалды алдын ала жоспарлауға шақырды.



27 мамыр 2026 ж. 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031