Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі

Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлардың өткізілуін бақылау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылдың наурыз айынан бастап жекелеген елдер Ресей Федерациясына қатысты санкцияларды, оның ішінде Ресей Федерациясына тауарлардың белгілі бір түрлерін жеткізуге тыйым салған еді.

Мұндай тауарлардың басқа елдер арқылы жеткізілгені анықталған кезде елдерге қатысты қайталама санкциялар қолданылуы мүмкін.
Бұл ретте Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі ретінде Ресей Федерациясымен тығыз сауда-экономикалық қатынастарды ескере отырып, туындаған тәуекелдерді ескермеуге болмайды.

Қазақстандық экономика үшін залалға жедел ден қою және жол бермеу үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті санкциялық тізімдерге кіретін тауарлардың импорты мен экспортына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Аталған тауарларды Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкету кезінде мемлекеттік кірістер органдарының электрондық шот-фактураны куәландыру тетігі іске қосылған, бұл тауардың шығарылған елін айқындауға мүмкіндік береді.
Бақылаудың бұл тетігі кедендік баждардың ставкалары ЕАЭО Бірыңғай кеден тарифінде белгіленгеннен төмен немесе «алып қою тауарлары» деп аталатын Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге жол бермеу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы Бурабай хаттамасы шеңберінде де қолданылады.

Мәселен, қаңтар-мамыр айларында Ресей Федерациясымен тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер байқалған жоқ.

Бұл ретте табиғи уран, болаттан жасалған тұтас таптамалы дөңгелектер және дизель отыны сияқты жекелеген тауар позициялары бойынша, яғни экспорт үшін дәстүрлі болып табылатын қазақстандық өндірістің тауарлары бойынша, оның ішінде Ресей Федерациясына экспорттың өсуі байқалады.
Осылайша, тауарлардың жекелеген топтарының Ресей Федерациясына экспортының өсуіне қарамастан, санкциялық тізімге кіретін тауарларды Қазақстан Республикасы арқылы кері экспорттау фактілері байқалмайды.
30 маусым 2022 ж. 831 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930