Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасыл белдеу – жарқын болашақ кепілі

Жасыл белдеу – жарқын болашақ кепілі

Қазіргі таңда табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ борышы әрі келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігі. Қоршаған ортаның тазалығы мен жасыл желектің көбеюі – елдің экологиялық тұрақтылығының басты көрсеткіші. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан мекемелердің бірі – Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығының Оңтүстік-батыс аймақ филиалы.
Аталған филиалдың зертхана бөлімінде атқарылып жатқан жұмыстар табиғатты қалпына келтіру мен орман қорын көбейтуге бағытталған маңызды ғылыми-тәжірибелік шаралармен ерекшеленеді. Мұнда ағаш егу ісі тек көгалдандырумен шектелмей, терең ғылыми зерттеулермен ұштасып жатыр. Негізгі мақсат – тұқым сапасын анықтау, көшеттердің өсіп-өну қабілетін зерттеу және тиімді егу әдістерін тәжірибе жүзінде жетілдіру.
Зертхана мамандары әрбір көшеттің тағдырына жауапкершілікпен қарап, топырақ құрамын, температура мен ылғалдылық деңгейін қатаң бақылауда ұстайды. Осындай жүйелі бақылаудың арқасында өсімдіктердің біркелкі әрі сапалы өсуіне қол жеткізілуде. Сонымен қатар, заманауи агротехникалық әдістер кеңінен қолданылып, тәжірибелік нәтижелер үнемі жетілдіріліп отырады.
Зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңінде ағаш тұқымдарының сапасы жан-жақты сарапталады. Арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен олардың өнгіштігі, ылғалдылығы мен тазалығы анықталып, егіске жарамдылығы бағаланады. Осылайша, тек ең сапалы тұқымдар іріктеліп, табиғатқа жол тартады.
2020 жылдан бері зертхана бөлімі Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары бойынша ағаш тұқымдарына сапа куәлігін беріп келеді. Сараптама барысында тұқымдардың аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, өнгіштігі, тазалығы мен өміршеңдігі анықталып, нәтижесіне қарай 1, 2 немесе 3-класс дәрежесі беріледі. Бұл – орман шаруашылығында сапалы көшет өсірудің маңызды кепілі.
Филиалдың тұқымбағында өсірілетін ағаш түрлері де аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сай таңдалған. Мәселен, қара сексеуіл Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы құм көшкінін тоқтатып, топырақ эрозиясын азайтуға сеп болса, айлант пен катальпа сияқты сәндік ағаштар елді мекендерді көгалдандыруда кеңінен қолданылады.
Филиал тұқымбағында өсірілетін ағаш түрлерінің әрқайсысы – табиғатқа бейімделген, экожүйе үшін аса маңызды өсімдіктер. Олардың әрқайсысы өз ерекшелігімен құнды.
Қара сексеуіл – шөлейт аймақтың нағыз қорғаны. Бұл өсімдік жер қыртысының дефляциясын азайтып, құм көшкінін тоқтатуда ерекше рөл атқарады. Әсіресе Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы экологиялық ахуалды жақсартуда маңызы зор. Сонымен қатар, ол айналасындағы өсімдіктердің өсуіне қолайлы микроклимат қалыптастырып, жануарлар дүниесіне тіршілік ортасын сыйлайды.
Айлант – сәндік ағаштардың ішінде ерекше қарқынмен өсетін түр. Жылына үш метрге дейін бой көтеретін бұл ағаш жарық сүйгіш әрі топырақ талғамайды. Зиянкестер мен ауруларға төзімділігі оны көгалдандыру жұмыстарына тиімді етеді. Айланттан тұрмыстық бұйымдар, сапалы қағаз және хош иісті өнімдер дайындалады.
Сумах ағашы – құрғақ әрі тұзды топыраққа бейімделген өсімдік. Көп күтімді қажет етпейтін бұл ағаштың емдік қасиеті де жоғары. Оның жапырақтары халық медицинасында суық тию, ревматизм, асқазан аурулары мен түрлі жараларды емдеуге қолданылады.
Шығыс биотасы – қылқан жапырақты, төзімді өсімдік. Ол құрғақшылық пен қатты аязға шыдамды, топырақ талғамайды және қайта отырғызуға оңай бейімделеді. Баяу өссе де, ұзақ уақыт бойы сәндік мәнін сақтайды. Сонымен қатар, халық медицинасында да кеңінен пайдаланылады.
Өрік – халық игілігіне қызмет ететін жеміс ағашы. Ол аяз бен құрғақшылыққа төзімді, жарық сүйгіш өсімдік. Тамыр жүйесі жақсы дамығандықтан, топыраққа тез бейімделеді. Жемісі тұрмыста кеңінен қолданылады.
Қармала – жарық пен жылуды сүйетін, тез өсетін сәндік ағаш. Құрғақшылыққа, топырақ тұздылығына және түрлі зиянкестерге төзімділігімен ерекшеленеді.
Катальпа – халық арасында «келіншек тал» аталып кеткен ерекше сәндік ағаш. Жалпақ жапырақты бұл өсімдік құрғақшылыққа төзімді болғанымен, аязға сезімтал келеді. Оның сүрегі құрылыс саласында қолданылып, фармацевтикада да пайдаға асады.
Айқын жапырақты үйеңкі – табиғатқа сән беретін әсем ағаштардың бірі. Ол аязға, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді. Жылдам өсіп, ерекше күтімді қажет етпейді. Сонымен қатар, топырақ құнарлылығын арттыруға ықпал етеді.
Жіңішке жапырақты жиде – табиғи тыңайтқыш көзі іспетті. Оның тамырынан бөлінетін азот топырақты байытып, басқа өсімдіктердің өсуіне жағдай жасайды. Ыстыққа, аязға және тұзды ортаға төзімділігі жоғары.
Аморфа – көпжылдық, күтімді көп қажет етпейтін өсімдік. Ол құрғақшылыққа төзімді және суды аз қажет етеді, сондықтан шөлейт аймақтарға бейімделген.
Терек – кең таралған, тез өсетін ағаштардың бірі. Жарық сүйгіш, орташа күтімді қажет етеді және 40–60 жылға дейін өмір сүреді. Филиалда оның «Қазақстан», «Қайрат», «Қызыл таң» атты гибридті сорттары өсіріледі.
Шаған– төзімді әрі көркем ағаш. Аяз бен құрғақшылыққа шыдамды болғанымен, белгілі бір күтімді қажет етеді.
Фисташка – дәнекті ағаш түрі ретінде бағалы. Ол ыстық пен құрғақшылыққа, сондай-ақ аязға төзімді. Жарық сүйгіш, тез өседі және күтімді көп қажет етпейді.
Жергілікті жүзім – өңір климатына бейімделген ерекше дақыл. Қалемше арқылы көбейтіліп, топырақ тұздылығы мен аптап ыстыққа төзімділігімен ерекшеленеді.
Осылайша, әрбір өсірілген ағаш – табиғатты қорғауға қосылған нақты үлес. Әр түрдің өзіндік ерекшелігі мен пайдасы бар. Олар тек қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға, халық игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Әрбір өсірілген көшет – табиғатқа жасалған қамқорлықтың белгісі. Бұл жұмыстар тек экологиялық жағдайды жақсартумен шектелмей, болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдырудың жарқын үлгісі болып табылады.
Табиғатқа жанашырлық – ұлтқа жанашырлық. Ал жасыл желекке бөленген ел – жарқын болашақтың нышаны.
Индира ТІЛЕУҚҰЛ,
Айман АЛЬСЕЕВА,
«Республикалык орман селекциялық тұқым өсіру орталығы»
РМҚК Оңтүстік - батыс аймақ филиалы Оңтүстік-батыс аймақ
филиалының зертханашылары

26 мамыр 2026 ж. 32 0

ҰБТ – 2026: қам қалай?

26 мамыр 2026 ж. 36

Кәсіпке бастар жол

26 мамыр 2026 ж. 24

1015 түлек түлеп ұшты

26 мамыр 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031