Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғатты қорғау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Табиғатты қорғау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Мемлекет басшысы атап өткен Арал теңізіне байланысты мәселенің қайта көтерілуі халықты бір қуантты. Бұл – өңірдің экологиялық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадам.
Қазіргі таңда Солтүстік Аралдың қалпына келе бастауы, жасыл белдеулердің бой көтеруі және су деңгейінің көтерілуімен қатар балық шаруашылығының жанданып келе жатқаны көңілге үміт ұялатады. Бұрын қаңырап қалған аймақтарда тіршілік қайта жанданып, жергілікті халықтың тұрмыс жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.
Арал өңірі бұрынғыдай балық өндірісінің орталығы ретінде қайта жанданса, бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия экожүйесі үшін де пайдалы болмақ. Бұл үшін халықаралық қауымдастықпен бірлесіп, экологиялық жобаларды қолдау, жаңа технологияларды енгізу және су ресурстарын тиімді пайдалану өте маңызды шешімдер деп білемін. Егер мемлекет тарапынан осы қарқынмен жыл сайын теңіз деңгейін көтеруге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілсе, бұл экологияға да, халықтың өміріне де үлкен оң әсерін тигізері сөзсіз. Теңіз суының көбеюі тұзды дауылдардың азаюына, жердің құнарлылығының артуына, ауа сапасының жақсаруына ықпал етеді.
Табиғатты қорғау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Егер біз бүгін Аралды қалпына келтіруге бар күшімізді салсақ, болашақта өңіріміз теңізімен қайта гүлденіп, туристер көптеп келетін аймаққа айналады деп ойлаймын.

 Жаңатай Мұхамбедиев,
Балық шаруашылығының ардагері
12 ақпан 2025 ж. 265 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930