Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

Аудан әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Тұрғындардың басым көпшілігі тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй мен жер кезегі мәселелерін қозғады. Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірі мен өтінішін жеткізген әрбір азаматтың сауалдары назардан тыс қалмай, аудан әкімі мен жауапты мамандар тарапынан заң аясында шешілу жолдары түсіндірілді.
Қабылдауда аудан әкімі мұғалім мамандығы бойынша жұмыс сұраған азаматтарға, бұл мәселе заң аясында, конкурс арқылы шешілетінін жеткізді. Ал тұрғын үй мен жер кезегі мәселесін көтерген тұрғындарға заңдылығын түсіндіріп, кезектілікке сәйкес берілетіндігін айтты.
Жеке қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген кейбір сұрақтарға қатысты ұсыныс-пікірін жеткізді.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
#AMANAT
18 мамыр 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930