Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың жеке мәселелері тыңдалды

Тұрғындардың жеке мәселелері тыңдалды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Қабылдауға келген 18 тұрғынның көтерген мәселелерінің қатарында көшелерді асфальттау, жаяу жүргіншілер жолын салу, тұрғын үй алу, көшелерге инфрақұрылым жүргізу, тұрақты жұмысқа орналасу сынды мәселелер болды.
Қабылдауға келіп ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы толық зерттеліп, заң аясында қарастырылады. Қабылдауда кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде беріп, бірқатарының шешу жолдары көрсетілді.
Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі Қорқыт Ата көшесіне асфальт төсеу мен жарықшамдар орнату, ойын алаңын салу мәселелері бойынша аталған көшеге тиісті мамандармен бірге арнайы барып көріп, соған сәйкес жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Басқа да мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыс жасалатынын айтып, жауапты сала басшыларына әрбір тұрғынның мәселесіне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
23 қазан 2025 ж. 275 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031