Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында Құрбан айт мерекесіне орай кіші футболдан сайыс өтті

Қазалы ауданында Құрбан айт мерекесіне орай кіші футболдан сайыс өтті

2026 жылдың 17 мамыр күні Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімі мен “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай Қазалы ауданы көлемінде тіркелген діни бірлестіктерге келушілер арасында кіші футболдан аудандық сайыс ұйымдастырылды.
Аталған спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, діни бірлестіктер арасындағы ауызбіршілік пен бауырмалдықты арттыру, жастарды спортқа баулу және достық қарым-қатынасты нығайту.Сайысқа аудан көлемінен жалпы 6 команда қатысып, өзара тартысты әрі тартымды ойын өрнегін көрсетті. Турнир барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, спорттық мәдениет пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын Нұралы мешіті командасы
ІІ орын Қожаназар мешіті командасы
ІІІ орын Медресе командасы иеленді.

Жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сыйақылар табысталды:
І орын 100 000 теңге
ІІ орын 70 000 теңге
ІІІ орын 40 000 теңге
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай тағылымды әрі спорттық іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті.
18 мамыр 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031