Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамағатпен өткен тартысты турнир

Жамағатпен өткен тартысты турнир

Жуырда Қазалы аудандық Орталық «Жанқожа батыр» мешіті Құрбан айт мерекесіне орай аудан мешіттерінің жамағаты арасында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты кіші футболдан ашық турнирін өткізді.
Футбол турниріне жеті команда қатысты. Аталған сайыстың басты мақсаты – жамағат арасындағы бірлікті, бауырмашылдықты, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, жалпы құндылықтарды қалыптастыру.⠀
Дүбірлі додағаа ауданға қарасты мешіттердің жамағаты қатысып, бақ сынады. Тартысты бәсекеде қатысушылар әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша «Әли Муса – 2» құрамасы бірінші орынға шықты. Екінші орында «ӘлиМуса –1» командасы еншіледі. Ал үшінші орынды «Жанқожа батыр» жамағатынан құралған команда қанжығасына байлады. Сайыс жеңімпазы мен жүлдегер командалар жүз мың теңге, жетпіс мың теңге, елу мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтар мен димпломдарға ие болды. Сайыстың қызықты әрі тартысты өтуіне өзіндік үлесін қосып, ойын барысында өздерінің шеберліктерін көрсеткен қатысушылар да марапатқа ие болды. Атап айтсақ, Нұрқасым Жолмырзаев «Үздік қақпашы», Дәуренбек Ерғалиев «Үздік қорғаушы», сондай-ақ Иман Мейірімжан «Үздік шабуылшы» бағамдарымен марапатталды. Ал сайысқа белсене қатысқан өзге командаларға жиырма мың теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығы табысталды.
Турнир соңында жарысқа қатысушылар жамағат бірлігін арттыруға бағытталған осындай шаралардың көбірек өтсе деген тілегін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
27 маусым 2023 ж. 151 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930