Жанкент жастары кіші футболдан бақ сынады
Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының жанындағы "Жанкент жастары" ұйымымен "Қайырымдылық көмек - Сырдария" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазалы ауданының 95 жылдығына орай "Жанкент жастары" арасында кіші футболдан жарыс өтті.
Жарысты Жанкент жастары ұйымының төрағасы Мурзалиев Талап Алтыбекович ашып командаларға сәттілік тіледі.
Жарысты әрі қарай "Қайырымдылық көмек-Сырдария" қоғамдық қорының нұсқаушысы Уксикбаев Тұрар Қайбрахманұлы жүргізді.
Жарысқа Жанкент жастары, Асандар, Жалын, Қайсар және Өркендеу командалары қатысып, өзара бақ сынасты. І орын "Жанкент жастары" командасы, ІІ орын "Асандар" командасы, ІІІ орынды "Жалын"," Қайсар" командалары алса, "Өркендеу" командасы ынталандырумен марапатталды. Командалар арасында үздік деп танылған ойыншылар Алдияр Расулға "Үздік ойыншы" номинациясы, Жиенбай Ақниетке "Үздік қақпашы" номинациясы табыс етілді.
Марапаттау рәсімін Жанкент жастары ұйымының төрағасы Мурзалиев Талап Алтыбекович, Спорт жанашыры Жеткербаев Еркебұлан Іскендірұлы "Қайырымдылық көмек-Сырдария" қоғамдық қорының нұсқаушысы Уксикбаев Тұрар Қайбрахманұлы арнайы алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс етті. Жарысқа демеуші болып, ұйымдастырып, қаржылай қолдау көрсеткен Жанкент жастары ұйымының төрағасына, "Асыл әке" азық-түлік дүкеніне және "Қайырымдылық көмек-Сырдария" қоғамдық қорының нұсқаушысына, Ел-халықпен, ауыл жастарымен жарысқа қатысушы командалар атынан алғыс білдіреміз.