Аудан әкімі ұлттық статистика бюросының облыстық департаментінің басшысымен кездесті
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Байғабылұлы Әбсұлтановпен кездесті.Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен статистикалық мәліметтердің сапасы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, халық саны, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инвестиция, жұмыспен қамту және өзге де маңызды салалар бойынша қалыптасқан статистикалық деректерге талдау жасалып, алдағы кезеңдегі бірлескен жұмыстар пысықталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын бағалаудағы статистикалық мәліметтердің маңызы, көрсеткіштердің нақтылығы мен уақытылы ұсынылуы мәселелері сөз болды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін нақты әрі сапалы қалыптастыру – өңірдің тұрақты дамуының негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өткен Қайрат Байғабылұлы статистика саласында жергілікті атқарушы органдармен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта да ауданмен бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, статистикалық деректердің нақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бағытында ортақ жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.
Жиынға аудандық статистика басқармасының басшысы Бақытжан Әлімбай мен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бақытжан Жарылқап қатысып, тиісті салалар бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.













