Көшпелі қоғамдық қабылдауда сайлаушылардың мәселелері тыңдалды
Сайлаушылармен есепті кездесулер аясында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жалғастыруда.№249 мектеп-лицейінде өткен кезекті қабылдауға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаттары Ерболат Мұхаш пен Эльмира Нұрмағанбетова қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, Т.Бөріқұлақов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу, көшелерді түнгі жарықтандыру, жол қозғалысын реттеу бойынша ұсыныс-өтініштер айтылды.
Халық қалаулылары барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын жеткізіп, оларды тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып, кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті. Сонымен қатар, әрбір өтініш пен ұсыныс тұрақты бақылауда болатыны айтылды.
#AMANAT














