Сайлаушылармен кездесу Қазалы қаласында жалғасты
Сайлаушылармен есепті кездесулер кестесіне сәйкес бүгін аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Имандосов, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары Күншығар Әбілов пен Ардақ Кәдір Қазалы қаласының тұрғындарымен кездесті.Кездесу барысында партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, депутаттық фракция мүшелерінің қызметіне тоқталды.
Мұнан кейін қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, әсіресе аяқ сумен қамту және бірқатар көшелердің жолдарын жөндеу мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жиынға арнайы қатысқан қала әкімі Қайрақбай Орынбасаров аяқ сумен қамту жұмыстары мамыр айының басынан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асатынын, ал ойық-шұқырлы көшелерге жөндеу жұмыстары алдағы уақытта жүргізілетінін атап өтті.
Кездесу соңында қала тұрғындары халық қалаулыларының атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында бүгінде бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
#AMANAT














