Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаушылармен кездесу жалғасуда

Сайлаушылармен кездесу жалғасуда

Бүгін №11 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков және аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев бекітілген кестеге сәйкес "Басықара" бастауыш партия ұйымында партия мүшелерімен және бірқатар сайлаушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында халық қалаулылары партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында орындалып жатқан және алдағы жылға жоспарланған шараларды баяндады. Бұдан бөлек, партия алаңында жасаған қабылдауларының оң нәтижесіне де тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстар өз тарапынан жалғаса беретіндігін жеткізді.

Бұдан соң мәслихат депутаттары Жалаңтөс батыр ауылдық округінің тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда болған ауыл тұрғындары жұмыспен қамту және тұрғын үй алу сынды өтініштерін жеткізді. Жалпы кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлер және өтініштер аясында халық қалаулылары алдағы уақытта орындалуына жұмыс жасап, өз бақылауына алатындықтарын жеткізді.
#AMANAT
27 маусым 2025 ж. 175 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031