Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Прокуратура пәтер алаяқтығы туралы ескертті

Прокуратура пәтер алаяқтығы туралы ескертті

Фото: istockphoto.com
Қарағанды облысының прокуратурасы интернет-алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыс бойынша 541 алаяқтық фактісі тіркелді, оның 335-і интернет-ресурстарды пайдалану арқылы жасалған.
Ең кең таралған схемалар: онлайн сауда, әлеуметтік желілер, сондай-ақ банк операциялары, ұтыстар мен инвестициялар туралы жалған хабарламалар.
Өңірде мұндай қылмыспенн айналысқан тұлғалар ұсталды.
Мысалы, азаматша «Krisha.kz» сайтында пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, клиенттерден алдын ала төлем алып, қашып кеткен.
Сот оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Прокуратура ескертеді:
- бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз;
- күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
- үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшалар орнатпаңыз;
- күмәнді операциялар кезінде банкке хабарласыңыз;
- алаяқтық белгілер байқалса, дереу «102» нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.


30 сәуір 2026 ж. 196 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31