Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас прокуратура: алаяқтар халықты «iCloud толды» деген жалған хабарлама арқылы алдап жатыр

Бас прокуратура: алаяқтар халықты «iCloud толды» деген жалған хабарлама арқылы алдап жатыр

Алаяқтар бұлттық сервистер атын жамылып, жеке деректер мен банк мәліметтерін ұрлауда
Бас прокуратура: алаяқтар халықты «iCloud толды» деген жалған хабарлама арқылы алдап жатыр
Фото: istockphoto.com
Қазақстандықтарға бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәліметінше, қаскөйлер iPhone қолданушыларына iCloud жады толды деген мазмұнда жалған хабарламалар жіберіп, аккаунт бұғатталуы немесе файлдардың жойылуы мүмкін екенін алға тартады.
Алаяқтар тарататын хабарламалар ресми сервистердің ескертулеріне ұқсас етіп әзірленген. Соның салдарынан қолданушылар күмәнді сілтемелерге өтіп, фишингтік сайттарға тап болады. Мұндай сайттарда енгізілген логин, құпиясөз және банк деректері бірден үшінші тұлғалардың қолына түседі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл тәсіл тек iCloud-пен шектелмейді. Осындай жалған хабарламалар Google Drive және басқа да бұлттық сервистер атынан да жіберілуі мүмкін.
Мамандар азаматтарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге, аккаунттағы ақпаратты тек ресми қосымшалар арқылы тексеруге және жеке деректерді бөгде сайттарға енгізбеуге шақырады. Сонымен қатар, қауіпсіздікті күшейту үшін екі факторлы аутентификацияны қосу ұсынылады.



22 сәуір 2026 ж. 245 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31