Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі: Бас прокуратура ескерту жариялады

Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі: Бас прокуратура ескерту жариялады

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
ҚР Бас прокуратурасы елімізде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді.

«Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді. Осы „несиені“ жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Банктен алған несие ақшасын жаңа „қауіпсіз“ шотқа аударуды өтінеді. Бұл — алаяқтардың шоты», — дейді Бас прокуратура таратқан ресми хабарламада.


Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін ескертеді. Бөтен адамға, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтерін бермеу керек екенін, күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалу керегін ескертеді.
08 маусым 2024 ж. 272 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930