Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік серпін

Сенбілік серпін

Барлық өңірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жаппай сенбіліктер мен тал егу шаралары өтті. Игі бастамадан аудан тұрғындары да тыс қалмай, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосты.
Аудан орталығында ұйымдастырылған тазалық жұмыстары қарқынды ұйымдастырылды. Шара барысында Әйтеке би кентінің кіреберіс қақпасынан бастау алатын жасыл белдеуге ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Әйтеке би кенті мен Басықара ауылының аралығындағы автожол бойы, 5 квартал аймағындағы Қарамайкөл аумағы және кенттің ішкі көшелері қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарымен қатар, кент ішіндегі аяқ су арықтарына су жіберу жұмыстары да қарқынды атқарылып жатыр, бұл егілген талдардың өсіп-өнуіне септігін тигізеді. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тазалық акциясының барысын арнайы аралап көріп, мекеме-ұйым қызметкерлерімен бірге өз үлесін қосты. Ол туған жерді таза ұстау – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтіп, аудан орталығының тазалығы бойынша кент әкімі мен жауапты орынбасарына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сенбіліктің көрсеткіштері бойынша, 132 мекемеден 1 426 адам қатысты. 18 бірлік техника жұмылдырылды. 2500-ге жуық ағаш отырғызылып, полигондарға 14,5 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетерлігі, осы күні елордадағы «Самал» саябағында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та экобелсенділермен бірге ағаш отырғызу шарасына қатысып, бұл акцияның мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығын көрсетті.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
28 сәуір 2026 ж. 19 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930