Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті

Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік жұмыстары жүргізіліп, тал егу акциялары ұйымдастырылды.
Елордадағы «Самал» саябағында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экобелсенділермен бірге ағаш отырғызу шарасына қатысты.
Экологиялық акцияға қазалылықтарда белсенді атсалысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты. Аудан орталығында ұйымдастырылған тазалық жұмыстары барысында Әйтеке би кентінің кіреберіс қақпасыннан басталатын жасыл белдеуге ағаш көшеттерін отырғызу, Әйтеке би кенті мен Басықара ауылының аралығындағы автожолбойын, 5 квартал аймағындағы Қарамайкөл аумағын, кенттің ішкі көшелерін тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кент ішіндегі аяқ су арықтарына су жіберу жұмыстарыда қарқынды жүргізілуде.
Аталған жұмыстарды аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап көріп, тазалық акциясына мекеме-ұжйым қызметкерлерімен бірге өз үлесін қосты. Аудан орталығының тазалығы бойынша кент әкімі мен жауапты орынбасарына бірқатар тапсырмалар берді.
Жалпы, бүгінгі аудан бойынша өткен сенбілік жұмыстарына барлығы 132 мекемеден 1 426 адам, 18 техника жұмылдырылды. 2500-ге жуық ағаш отырғызылып, полигондарға 14,5 тонна қоқыс шығарылды.
26 сәуір 2026 ж. 242 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31