Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Чернобыль апаты құрбандарын еске алу шарасы өтті

Чернобыль апаты құрбандарын еске алу шарасы өтті

Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі «Тағзым» алаңында Чернобыль апатының аяқталғанына 40 жыл толуына орай апат салдарын жоюға қатысқан азаматтарды еске алу шарасы өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан ардагерлері және Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан қазалылық азаматтар мен аудан жастары қатысты.
Батырларға тағзым ету іс-шарасы «Чернобыль» апатының құрбандарына арналып қойылған ескерткішке гүл қою рәсімімен басталып, құран бағыштаумен жалғасты.
Жиында аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы сөз сөйлеп, сол кезеңдегі адамзат қауіпсіздігі үшін жанқиярлықпен еңбек еткен азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.
-1986 жылғы 26 сәуірде, яғни осыдан 40 жыл бұрын Украйнадағы Чернобыль атом электр стансасы төртінші энергоблогында жойқын жарылыс болып, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген қасірет орын алды. Жарылыс салдарынан атмосфераға тараған радиоактивті заттар Украина, Беларусь және Ресей аумақтарымен қатар, Еуропаның көптеген елдеріне дейін жетіп, миллиондаған адамның өміріне қауіп төндірді. Сол бір сын сағатта, көзге көрінбейтін ажалмен бетпе-бет келген мыңдаған азаматтар апаттың зардаптарын жоюға жұмылдырылды. Чернобыль апатының салдарын жоюға біздің елімізден де 32 мыңға жуық адам аттанса, оның ішінде 25 қазалылық жерлестерімізде болды. Бүгінде ауданымызда Чернобыль апатына қатысқан 16 ардагеріміз ортамызда өмір сүруде. Бүгінгі шара – тек еске алу ғана емес, бұл – тағзым ету, құрмет көрсету, ерлікке бас ию күні.
Біз Чернобыль құрбандарын ешқашан ұмытпаймыз. Олардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады. Бейбіт еліміздің аспаны ашық, тыныштығы мәңгілік болғай, - деді аудан әкімі.
Мұнан кейін аудан басшысы Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан бірқатар азаматтар Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығына арналған арнайы төсбелгісімен марапаттады.
Шара соңында Чернобыль апатына қатысқан ардагер Жарылқасын Құрманов сөз алып, тарих беттерінде қалған ауыр кезеңдегі естеліктерімен бөлісіп, елімізге бірлік пен бейбіт өмір тіледі.
Қазалы Ауданының Әкім
26 сәуір 2026 ж. 92 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930