Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Алданып қалмаңыз": Зейнетақы қорынан ақша алып беретін алаяқтар көбейген

"Алданып қалмаңыз": Зейнетақы қорынан ақша алып беретін алаяқтар көбейген

БЖЗҚ бейберекет қордан ақша алып беруге көмектесін делдалдарға сенбеуді ескертті.
Фото: canva
Өйткені, қазір зейнетақы қорының ақшасын "шешіп беруге" уәде ететін делдал көбейген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қор мұндай ұсыныстардың басым бөлігі заң аясынан тыс екенін және азаматтарды қаржылық тәуекелге ұрындыруы мүмкін екенін ескертті. 
Ресми мәлімет бойынша, әлеуметтік желі мен түрлі онлайн платформада зейнетақы жинағын арнайы шегінен асқан жағдайда алып беруге көмектесетінін айтып, алдын ала ақы сұрайтын қызметтер әлі де кездеседі. Десе де, БЖЗҚ мұндай әрекеттердің заңсыз екенін атап өтті. Өйткені, зейнетақы төлемдері ешқандай делдалсыз, қосымша комиссиясыз және тек заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асады. 
Сондай-ақ, қор күмәнді схемаларға қатысу тек ақша жоғалтуға емес, жеке деректердің бөтен қолға түсуіне де себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сондықтан азаматтарға ресми ақпарат көздеріне ғана сүйеніп, сенімсіз ұсыныстардан бас тартқан абзал. 
Заңнамаға сәйкес, зейнетақы жинағын пайдалану кейбір жағдайда рұқсат етіледі. Атап айтқанда, зейнет жасына жеткенде, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленгенде, шетелге тұрақты тұруға кеткенде және мұрагерлік тәртіппен берілуі мүмкін. Бұдан бөлек, жинақтың бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу шығындарын өтеуге жұмсауға рұқсат етіледі. Бірақ мұның барлығы заңда көрсетілген талаптарға сай рәсімделуі тиіс. 
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану тек уәкілетті операторлар, яғни екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізілетінін еске салды. Сол себепті мұндай процесте араағайын қызмет қажет емес.
23 сәуір 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930