Қаңтар айының зейнетақысы желтоқсанда төленеді – фейк
Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық көлемде жүргізілді.
Фото: Pixabay.comМессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі кезеңде, өсімді ескере отырып, мерзімінен бұрын аударылатыны туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.
Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері алушыларға 2026 жылдың қаңтар айында аударылады.
"Азаматтардан жеке деректердің таралып кетуін болдырмау үшін осыған ұқсас хабарламалармен бірге келетін күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұраймыз.Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы таратылады.Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", – деп ескертті министрлік.











