Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ салымшыларға алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

БЖЗҚ салымшыларға алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

БЖЗҚ ақпаратты тек ресми көздерден алуға кеңес береді
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жіберу жағдайларының жиілеп кеткені туралы ескертті, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаяқтар әлеуметтік желілер және WhatsАрp арқылы жіберілетін хабарламалар арқылы ағымдағы жылдың маусым – қыркүйек айлары аралығында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін төменгі жеткіліктілік шегіне (бұдан әрі – ТЖШ) қарамастан шешіп алуға болатыны туралы жазуда. 
Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында пайдалану көзделген. Ол үшін:
  •  зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асуы керек. Бұл жағдайда ТЖШ асатын соманы пайдалана аласыз;
  •  зейнетақы алып жүрген зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі алмастыру коэффициентімен қамтамасыз ете алуы қажет. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;
  •  сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған болуы керек. Бұл жағдайда жеке зейнетақы шотында қалған қаражатты пайдалануға болады.
Зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін (бұл ретте ТЖШ есепке алынбайды) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында көзделген жағдайларда ғана алуға болады.
Атап айтсақ:
  •  Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде (ресімдеу рәсімі мен алуға мүмкіндік беретін шарттар мұнда);
  •  мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 және 2 топ мүгедектігіне байланысты (толық ақпарат осында);
  •  сақтандыру компаниясымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты шеңберінде алуға мүмкіндік берілген.
БЖЗҚ белсенді түрде таратылып жүрген «жалған» хабарламаларды елемеуге, ақпаратты тек ресми көздерден алуға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты кеңестерді БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да алуға болады:
  • enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,
  • көп арналы тегін байланыс арқылы,  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы

10 мамыр 2023 ж. 165 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930