«Алтын қолды шебер» атты кездесу кеші өтті
7 сәуір күні Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының жанындағы «Жанкент жастары» ұйымы, Жанкент ауылдық мәдениет Үйі және Жанкент ауылдық кітапхана ұжымдарының бірлесіп ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени - тәрбие орталығының «Креативті HUB» жобасы аясында, №104 орта орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі, ұстаз Елубаева Гүлнұр Амантайқызының еңбек жолын жас ұрпаққа насихаттау үшін «Алтын қолды шебер» атты кездесу кеші болып өтті.Мақсаты жастарымызға алтын қолды шебер ұстазымыздың еңбек жолын дәріптеу, жасаған бұйымдарын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі - өнеге ету.
Кездесу кешін «Жанкент жастары» ұйымының төрағасы, ауылдық мәдениет Үйінің әдіскері Мурзалиев Талап Алтынбекұлы ашып, ауыл әкімі атынан және ауылдық мәдениет Үйі ұжымы, ауыл жастары атынан алғыс хат пен сый - сыйапатын табыс етті.Кездесу кеші сұхбат пен өрбіп, жалғасты. Гүлнұр Амантайқызы - еңбек жолы мен өзінің ойынан туындаған еңбектерін, шәкірттерімен бірлесіп атқарған жұмыстарын, көрме бұйымдары арқылы таныстырып, көпшілікті тәнті етті.Кеш барысында №104 орта мектебінің тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары Меңеева Айжан Алмасқызы ұйымдастырушы ұжымға және
Гүлнұр Амантайқызының еңбекқор ұстаз екенін айта келе, өз алғысын білдірді.
Шараға ауылдық мәдениет Үйінің басшысы Болатбек Сырашұлы, ауылдық мәдениет Үйінің қызметкерлері Айткүл Шакизадақызы, Ануар Жақсыгельдіұлы, ауылдық жас мамандарымыз ауылдық кітапхана қызметкері Назерке Әлібекқызы және Алтынкүл Көшербайқызы, Шапағат Еркінқызы өз үлестерін қосып атсалысты. Шара соңында ауылдық мәдениет Үйінің ұжым қызметкерлері «Ана туралы жыр», «Ұстазым» әндерін орындап кештің көркін кіргізді. Шараға атсалысқан ауылдық мәдениет Үйінің қызметкерлері мен №104 орта мектебінің ұжымына, ұлағатты ұстаздарына, ауыл жастарына Ел-халық атынан алғыс білдіреміз.













