Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Азаттықты аңсаған боздақтар» атты тарихи танымдық кеш өтті

«Азаттықты аңсаған боздақтар» атты тарихи танымдық кеш өтті

10 сәуір күні Жанкент ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени - тәрбие орталығының «Әлем – ВООК» жобасы аясында, 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай және Исатай Тайманов бастаған көтерілістің 190 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған боздақтар» атты ауылдық кітапханамен бірлескен тарихи танымдық кеш болып өтті.
Мақсаты жастарымызды тарихи орындарды қорғауға үндей отырып, бабалар мұрасымен өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі ету
Тарихи танымдық кеш драма үйірмесі мүшелерінің «Ескерткіштерді қорғайық» атты қойылымнан бастау алды. Әр қарай ауылдық кітапханашы Нәдірова Назерке Әлібекқызы «Бабалар жолы» атты кітап көрмесін ұсынып, «Жанкенттің жетпіс әулиесі», «Бегім ана берген бақ» атты кітаптарды оқуға кеңес беріп өтті. Кеш әр қарай концерттік бағдарламаға ұласып Жанкент ауылдық мәдениет Үйі жанындағы шешендік өнер үйірмесінің мүшелері Нұрлан Аяна, Сақтапберген Инабат, Нұртуған Раяна «Бабалар даналығы»
атты өсиетті, даналық, шешендік сөздерін жатқа оқып ұсынса, ауылдық мәдениет Үйінің басшысы Рсалы Болатбек Сырашұлы Құрманғазының «Аман бол шешем аман бол» күйін Нұртуғанның «Қанекей тілім сөйлеші» термесін орындаса, домбыра үйірмесінің мүшесі Өткелбай Шахназ, Омар Шораяқұлының «Әділ іс» термесін және Базар жыраудың «Атасы жақсы қандайды» термелерін нақышына келтіріп орындап ұсынды. Кеш соңында ән үйірмесінің мүшесі Муса Айару «Отаным Қазақстан» әнін орындап кешті думанға бөледі.


15 сәуір 2026 ж. 109 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930