Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт болғанда құтқарушылар жете алмай қалса, кінә кімде?

Өрт болғанда құтқарушылар жете алмай қалса, кінә кімде?

Егер жағдай өзгермесе, Мәжіліс қатаң заңнамалық түзетулер енгізуі мүмкін.
 
Фото: PixabayФото: Pixabay

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ірі қалаларда арнайы техниканың оқиға орнына дер кезінде жете алмай қалу фактілері жиілеп бара жатқанын айтты. Оның сөзінше, мәселе көбіне аулаға бейберекет қойылған көліктерден туындайды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Ресми талап бар: жол белгісі, сызық, ереже - бәрі көрсетілген. Бірақ соған қарамастан, тұрғындар көлігін дәл сол жерге қалдырады. Нәтижесінде, өрт сөндіруші мен жедел қызмет уақыт жоғалтады.
Депутат шетел тәжірибесін мысалға келтірді. Кей елдерде мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі шара қарастырылған. Яғни, арнайы техниканың жолын жапқан адамға қатысты іс қозғалуы мүмкін.
Қазақстанда әзірге мұндай қатаң норма жоқ. Бірақ мәселе күн тәртібіне шықты. Алдымен төтенше жағдайлар қызметіне кең өкілеттік беру ұсынылып отыр - олар еш кедергісіз аулаға кіре алуы керек.
Егер жағдай өзгермесе, Мәжіліс қатаң заңнамалық түзетулер енгізуі мүмкін.
Себебі бұл жай ғана көлік мәселесі емес. Бұл - адамдардың өміріне тікелей қауіп.
15 сәуір 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930