Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді Қазақстанда қызға телефонмен неше түрлі хат жазып, мазасын алатындар да жауапқа тартылады

Енді Қазақстанда қызға телефонмен неше түрлі хат жазып, мазасын алатындар да жауапқа тартылады

Фото: freepik
Енді Қазақстанда қызға телефонмен неше түрлі хат жазып, мазасын алатындар да жазаланады. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осылай деді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, бүгінде қылмыстық заңнамада тек қалыңдық ұрлау ғана емес, сондай-ақ әйелдерге қатысты қудалау мен мазасын алатын әрекеттер үшін де жауапкершілік қарастырылған.
“Егер ер адам телефон не әлеуметтік желі арқылы әйелге әдепсіз хабарламалар жіберсе, бұл – қылмыстық әрекет. Иә, әзірге мұндай әрекет үшін түрмеге қамамайды, бірақ адам сотталып, оның атына бап тіркеледі. Бұл – маңызды ескерту шарасы”, – деді Әбенов.
Ол Қылмыстық кодекске "сталкинг" (қудалау) туралы арнайы бап енгізілгенін еске салды.
“Ер адамның әйелді қудалай бастауы бұл алғашқы белгі. Біз "Сталкинг" бабы арқылы алдын алу тетігін жасадық. Әйел полицияға хабар береді, айыппұл салынады. Бұл – ауыр қылмыстардың алдын алады”, – деп түсіндірді депутат.
Мұрат Әбенов сондай-ақ қоғамды мұндай жағдайларға бей-жай қарамауға шақырды.
“Жақында Алматыда ер адам, шаштараз бе әлде би мұғалімі ме 12 жасар қыз балаға нешетүрлі хабарлама жазған. Бұл – қылмыс. Мұндайды жасыруға болмайды. Егер ата-аналар мұны біле тұра жасырып қалса, олар да жауапқа тартылады. Сондықтан қоғам мұндай істерге көз жұма қарамауы керек”, – деді мәжілісмен.

08 қазан 2025 ж. 315 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031