Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мерзімі өткен құжат қандай жағдайда жарамды

Қазақстанда мерзімі өткен құжат қандай жағдайда жарамды

Құжаттар төтенше жағдай кезінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде жарамды болып саналады, деп хабарлайды sputnik.kz.
Қазақстанда заңнамаға төтенше жағдай секілді ерекше кезеңде қазақстандықтардың жеке басын куәландыратын мерзімі өткен құжаттарды пайдалануға рұқсат беретін норма енгізілуі мүмкін. Бұл туралы заң жобасын таныстыру барысында мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов айтты.
Сейсенбіде парламент мәжілісінде "Халық миграциясы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.
Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов төтенше жағдай кезінде жеке куәлік мерзімінің өтуіне байланысты азаматтар белгілі бір әлеуметтік қызметтерді (зейнетақы рәсімдеу және алу, медициналық қызмет көрсету және т.б.) ала алмай қалғанын, мерзімі өткен жүргізуші куәлігі көлік құралдарын басқаруға кедергі болғанын айтты.
"Мүгедектер мен жалғызбасты қарттарға күтім көрсету үшін тағайындалған көптеген әлеуметтік қызметкерлер оларға жете алмай қалды. Ал жеке куәлігінің жоқтығына байланысты орта мектеп түлектерінің барлығы дерлік ҰБТ тапсыруға қатыспау қаупі туындады", - дейді депутат Смайылов.
Медициналық өнімдер мен қару-жарақ айналымы, шетелдік жұмыс күшін тарту және тағы басқа саладағы жекелеген қызмет түрлеріне арналған мерзімі өткен лицензиялар мен рұқсаттар да проблема тудырды.
"Осыған байланысты Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдай туралы" заңын "Адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың, лицензиялардың, рұқсаттардың және мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар беретін басқа да құжаттардың төтенше жағдай енгізілген кезеңдегі жарамдылығы туралы" жаңа 18-1-баппен толықтыру ұсынылды", - дейді мәжіліс депутаты.
Смайылов бұл құжаттар төтенше жағдай кезінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде жарамды болып есептелетінін айтты.
Коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанда төтенше жағдай 16 наурыздан 11 мамырға дейін созылғанын айта кету керек.
28 желтоқсан 2021 ж. 287 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930