Тарих пен таным: Жанкент қалашығында кездесу өтті
8 сәуір күні Өркендеу ауылдық округіндегі Киелі Жанкент шаhарында ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізу жұмыстарына арналған «Оғыз ордасының рухани астанасы - Жанкент» атты Жанкент қалашығының басында, тарихымен танысу негізінде кездесу кеші болып өтті. Белгілі ирандық геолог, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер кеңесінің мүшесі, геотуризм саласының халықаралық сарапшысы Алиреза Амриказеми Қызылорда облысына іссапармен арнайы келіп көне қалашықтың тарихымен танысып, оң бағасын бірді.Мақсаты Рухани орталық болған Жанкент қалашығын, ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізіп, жаһандық деңгейде даму аймағын қалыптастыру
Құрметті қонақтар мен бірге Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы, олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері Артаев Бақтияр Ғарифуллаұлы және Қазалы ауданының әкімінің орынбасары Әбсұлтанов Мұрат Әбсұлтанұлы арнай келіп Жанкент қалашығының тарихымен танысты.
Құрметті қонақтарды қарсы алуға Қазалы ауданының әкімдігі, қазалы ауданының мәдениет бөлімінің мамандары ауыл әкімшілік ұжымы, 104 орта мектеп ұстаздары мен қызметкерлері, Жанкент ауылдық мәдениет Үйінің қызметкерлері атсалысып өз үлестерін қосты.
Жанкент шаhарын таныстыру жұмыстарын және қалашықтың тарихымен таныстырудың алғы сөзін «Жанкент жастары» ұйымының төрағасы, ауылдық мәдениет Үйінің әдіскері, өлкетанушы Гид Мурзалиев Талап Алтынбекұлы аудармашы маман мен бірге өткені мен бүгіні туралы таныстырып, тарихтан сыр шертіп, қазыналы шаhардың ерекше кезеңдерін, келген қонақтарымызға таныстырып өтті. Шара соңында Белгілі ирандық геолог, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер кеңесінің мүшесі, геотуризм саласының халықаралық сарапшысы Алиреза Амриказеми ақ дастарханнан дәм татып ризашылығын білдірді. Қадірлі меймандар оң бағасын беріп, алғыстарын білдірді.














