Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанкент қалашығында далалық семинар өтеді

Жанкент қалашығында далалық семинар өтеді

2020 жылдың 7 тамызы күні Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Жанкенттегі аспан асты музейдің ашылуы және далалық зерттеу жұмыстарының нәтижелері» тақырыбында ортағасырлық Жанкент қалашығында далалық семинар өткізіледі.

Іс-шара барысында облыстық бюджет есебінен Жанкент қалашығындағы 2016-2020 жылдар бірлесіп жүргізілген ғылыми-зерттеулерінің нәтижелері көрсетіліп, Жанкент қалашығы аумағында аспан асты музейін ұйымдастыру, ескерткішті сақтап қалу және қайта-қалпына келтіру жұмыстарының жоспары талқыланды. Сонымен қатар, Қызылорда облысының археологиялық ескерткіштерінде далалық қазба жұмыстарын жүргізу, мониторинг және сараптама жасау, т.б. Арал маңы археологиясының өзекті мәселелері бағамдалды.
Жанкент қалашығы – ортағасырлық Қазақстанның ортағасырлық тарихын, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зеттеуде тірек ескерткіш болып табылады. Бұл ескерткіш 2005 жылдан «Халықаралық Жанкент археологиялық экспедициясымен» зерттеліп келеді. Зерттеу барысында кешенді археологиялық және пәнаралық зерттеу әдістері пайдаланылып келеді.
Айта кететін жайт, облыстық бюджет есебінен Жанкент қалашығындағы қазба жұмыстары 2014 жылдан бастап Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан жүргізілуде. Археологиялық зерттеулермен қатар, қазба барысында аршылған архитектуралық құрылыстарды тұмшалау, қайта қалпына келтіру және қорғау аймағын белгілеу жұмыстары да қолға алынды. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде, ескерткіш аумағындағы үй-жайлардың, бөлмелердің жақсы сақталғандығын байқаймыз. Келешекте осы бағыттағы жұмыстар Жанкент қалашығының аумағында археологиялық паркті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

06 тамыз 2020 ж. 1 093 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 134

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 94

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031