Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдың жайы жақсара түспек

Жолдың жайы жақсара түспек

Аудан инфрақұрылымын дамыту – бүгінгі күннің басты міндетінің бірі. Осы бағыттағы ауқымды жұмыстардың ішінде автомобиль жолдарының сапасын арттыру мәселесі ерекше орын алады. Биыл аудандық маңызы бар жолдар мен кент ішіндегі көшелерді асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жол – кез келген өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын басты көрсеткіш. Соңғы жылдары аудандағы көлік қатынасын жақсарту мақсатында кешенді жоспарлар түзіліп, олар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бұл жобалардың нәтижесінде бұрын шаңы шығып жататын көшелердің орнына тегіс әрі заманауи асфальт төселсе, кейбір көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы жол жөндеу жұмыстары тек жаңа жабынды төсеумен шектелмейді. Бұл процесске жол негізін нығайту, тегістеу, су ағар жүйелерін реттеу, жол жиектерін (бордюр) орнату, жол белгілерін қою мен жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстары кіреді.
Асфальт төсеу жұмыстарының сапасы мен жүзеге асу кезеңдері тұрақты бақылауда. Мердігер мекемелерге қойылатын талап қатаң. Төселген асфальттың қалыңдығы мен құрамы белгіленген мемлекеттік стандарттарға толық сәйкес келуі тиіс. Жол құрылысы аяқталғаннан кейін арнайы зертханалық сынамалар алынып, сапасы тексерілгеннен кейін пайдалануға беріледі.
Көшелерді абаттандыру және асфальттау жұмыстары алдымен халық тығыз орналасқан аумақтар мен әлеуметтік нысандарға баратын бағыттардан басталды. Бұл автокөлік иелерінің шығынын азайтып қана қоймай, қоғамдық көліктердің кедергісіз қатынауына және жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметтерінің дер кезінде жетуіне оң септігін тигізеді.
Әйтеке би кентіндегі инфрақұрылымды жақсарту мақсатында кенттің орталық күре жолдарының бірі – Әйтеке би көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осыған орай, аталған көше бойындағы көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді. Аудан тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасау және көлік кептелісін болдырмау мақсатында жөндеу жұмыстары бір мезетте емес, төрт кезеңге бөлініп жүргізіледі.
Бұл әдіс жолдың белгілі бір бөліктерін ғана уақытша жабу арқылы қалған бағыттардағы қозғалысты сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстарының кестесі мен бағыттары аудан тұрғындарының назарына ұсынылды. Белгіленген жоспарға сәйкес, жолдың жабылуы келесі реттілікпен жүзеге асырылады. I кезең: Жұмыстар алдымен Қ.Пірімов көшесі мен Үмбет би көшесінің аралығында басталды. II кезең: Келесі кезекте Үмбет би көшесі мен С.Сейфуллин көшесінің арасындағы жол бөлігі жабылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. III кезең: Жөндеу жұмыстары әрі қарай С.Сейфуллин көшесі мен М.Шоқай көшесінің аралығында жалғасады. IV кезең: Қорытынды кезеңде М.Шоқай көшесі мен В.Счастнов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа толықтай тыйым салынады. Жолдың жабық бөліктеріне арнайы «Тоқта» (STOP) және бағытты шектейтін жол белгілері орнатылған. Тұрғындардан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, Әйтеке би көшесіне параллель орналасқан Жанқожа батыр немесе Әубәкір Тыныбаев көшелері сияқты баламалы бағыттарды пайдалану сұралады. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі әр кезеңнің қарқынына қарай қосымша хабарланатын болады. Бұл шаралар кент ішіндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік қозғалысының сапасын арттыруға бағытталған.
– Жақсы жол – жайлы өмірдің негізі. Көшелерге асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынғалы бері балалардың мектепке баруы, қариялардың жүріп-тұруы жеңілдеді. Бұл ауданның ажарын ашып қана қоймай, тазалықтың сақталуына да көмектеседі, – дейді аудан тұрғындары.
Аудандағы жолдарды жаңарту жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды. Басты мақсат – жолдың жайын 100 пайыз жақсы деген деңгейге жеткізу. Заманауи талаптарға сай салынған жолдар ауданның гүлденуіне, көлік қатынасының қауіпсіздігіне және тұрғындардың игілігіне ұзақ жылдар бойы қызмет ететіні сөзсіз.
Айта кеткен жөн, ауданда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес Әйтеке би кентіндегі Жанқожа Нұрмұхаммедұлы көшесінің бойында орналасқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің алдында жасанды жол кедергісі толықтай қайта жаңартылды. Сонымен қатар, кенттегі М.Ғабдуллин және Желтоқсан көшесінің бойындағы Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп жанына жаңа жасанды жол кедергілері орнатылды. Мақсат – мектеп, балабақша аумағына жақын учаскелерде көлік қозғалысының жылдамдығын төмендетіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ендігі тұрғындар аталған аумақтарда жол белгілеріне мұқият назар аударып, көлік жылдамдығын азайтып, қауіпсіздік талаптарын сақтаса нұр үстіне нұр болар еді. Алдағы уақытта аудан орталығы мен елді мекендерде қосымша жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ.

Айнұр ӘЛИ
Коллаж: автор
14 сәуір 2026 ж. 182 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930