Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухтың азығы, адамдықтың негізі

Рухтың азығы, адамдықтың негізі

Жақында Ү.Түктібаев ауылдық кітапханасында ауыл имамы Ғабдолла Иниятуллаұлымен кездесу өтті. Дінніңқоғамдағы рөлін, ислам дінінің адам өміріндегі орны мен маңызын тереңірек түсіндіру, жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту мақсатын көздеген жастарға арналған тағылымы мол сұхбат жоғары деңгейде өтті.
Дін – адамзат тарихындағы ең күрделі және маңызды әлеуметтік институттардың бірі. Қоғамда ол тек сенім жүйесі ғана емес, сонымен қатар мәдениетті, этиканы және әлеуметтік байланыстарды қалыптастырушы күш ретінде көрінеді.
Бұл күні діннің қоғамдағы негізгі рөлдерін бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болатыны сөз болды. Дін адамға қоршаған ортаның құрылымы, өмірдің мәні мен мақсаты туралы сұрақтарға жауап береді. Ол әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастырып, адамның сол әлемдегі орнын анықтауға көмектеседі.
Дін қоғамдағы мінез-құлық нормаларын реттейді. Көптеген моральдық принциптер діни қағидалардан бастау алған. Дін адамның ішкі рухани сүзгісін қалыптастырып, ар-ұят алдындағы жауапкершілікті күшейтеді.
Мейірімділік, кешірімділік және қанағат сияқты қасиеттерді насихаттайды. Ортақ сенім, салт-дәстүр мен мерекелер адамдарды бір арнаға тоғыстырады. Дін – ұлттық немесе қауымдастық деңгейінде адамдарды ортақ мақсаттарға жұмылдыратын күшті әлеуметтік күш. Адам өміріндегі қиын сәттерде дін психологиялық тірек болады. Ол адамға үміт сыйлап, ішкі үрей мен жалғыздық сезімін жеңуге көмектеседі.
Дін – өнердің, сәулеттің, әдебиет пен музыканың қайнар көзі.Көптеген тарихи жәдігерлер, мешіттер, шіркеулер мен жазба ескерткіштер діни негізде пайда болған. Халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы көбіне діни наным-сенімдермен астасып жатады.
Бүгінгі таңда, әсіресе Қазақстан сияқты зайырлы мемлекеттерде, діннің рөлі конфессияаралық келісім, радикализмнің алдын алу бағыттарда маңызды. Қоғамның рухани діңгегін дұрыс бағытта қолданылса, ізгілендіруге, бірлік пен бейбітшілікті сақтауға қызмет етеді.
Кездесу барысында «Алға» ауыл округінің маманы Қ.Мұқашев, ауыл тұрғындары П.Жақайымова мен Б.Шарап сөз алып, имандық шаралары туралы пікірлерімен бөлісті.
Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектептің 10 «Б» сынып оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды әрі мағыналы жауаптар алды. Шараның көркін өнерпаз Н.Махамбет орындаған «Ағаларым» әні әрлеп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Кездесу соңында «Иманды ұрпақ – жарқын болашақ» атты кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға рухани азық болар құнды еңбектер ұсынылды. Жас буынның санасын тәрбиелеп, адамгершілік пен имандылыққа бастар алтын көпір болатын кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Гүлмира НИЕТОВА
14 сәуір 2026 ж. 160 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930