Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдағы мұғалім мәртебесін қалыптастыратын уақыт жетті – депутат

Қоғамдағы мұғалім мәртебесін қалыптастыратын уақыт жетті – депутат

Қазақстан Республикасы Парламент депутаты, саясаттанушы Ерлан Сайыров қоғамдағы мұғалім мәртебесі туралы ойын айтты.
Біздің бала кезімізде мұғалімнің қадір-қасиеті ерекше болды. Мектеп директоры дегеніміз моральдық шоқтығы биік тұлға еді. Мұғалімнің қоғамдағы орны, оның оқушылардың алдындағы авторитеті өте жоғары болды. Осы тенденцияны сол кездегі ата-ана институты қолдап, қолпаштап отырды.
Бүгіндегі «мұғалімдердің қоғамдағы орны қандай?» деген сұрақ маңызды, сапалы ұлт болып дамимыз десек, мұғалімдердің елдегі, қоғамдағы, оқушылар алдындағы моральдық, рухани ролін арттыру қажет - деді депутат.
Мемлекет шама-шарқы жеткенше мұғалімдердің жалақысын арттырып жатыр, мектептердің материалдық жағдайын түзеуге де көңіл бөлінуде.
Бірақ ең негізгі аспект, мұғалімдердің оқушы алдындағы беделі. Мұғалімнің беделін арттырып, өсіру үшін мелмекеттің күш-жігері жеткіліксіз. Қоғам, азаматтар, ата-ана институттары бірігіп тер төгіп, еңбек етуі тиіс - дейді Ерлан Сайыров.
Мұғалімдердің рухани, моральдық келбеті де өзгеруі тиіс.
Ұстаздыққа қоғамның бетке ұстар азаматтары бет бұруы керек. Менің ойымша, келешек ұрпақтың бет-бейнесін жасайтын ұстаздар институтын жаңғыртып, олардың қоғамдағы ролін арттырып, оқушыларға мұғалімді сыйлау ең басты міндет екендігін түсіндіріп, осы мәселеге жалпы халық болып көңіл бөлетін уақыт жетті. Бұл қоғам, азаматтар, ата-аналардың бірегей міндеті - деді саясаттанушы.
19 мамыр 2021 ж. 665 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930