Қазалы ауданында дәстүрлі дін құндылықтарын дәріптеуге бағытталған кездесулер өтті

Бұл шаралар Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің 2025 жылға арналған «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында, “Асыл Мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Аталған кездесулерге Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Нұралы Бақытұлы арнайы қатысып, көпшілікпен тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті. Ол өз сөзінде дәстүрлі ислам дінінің қоғамдағы орны, рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтардың маңызы, бірлік пен тұрақтылықтың мәні туралы кеңінен баяндады.
Кездесулер ауданға қарасты Басықара, Құмжиек, Қарашеңгел және Мұратбаев ауылдық округтерінің тұрғындарымен және Орталық «Жанқожа батыр», «Халық», «Әли-Мұса» мешіттерінде мешіт жамағаттарымен кездесулер және дін қызметкерлерімен семинар өтті
Бұл рухани іс-шаралар Қазалы жұртшылығының рухани дамуына тың серпін беріп, ел ішіндегі тұрақтылық пен ынтымақты бекемдеуге бағытталды. Аудан тұрғындары тарапынан мұндай мазмұнды кездесулерге оң көзқарас пен қолдау білдіріліп, болашақта жиі ұйымдастырылуы қажеттігі айтылды.