Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалыққа да тиянақтылық керек

Тазалыққа да тиянақтылық керек

«Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» дегенді атамыз қазақ бекерге айтқан жоқ. «Тазалық – иманның жартысы» деген де сөз бар. Мұның баршасы қоғамда тазалықтың бастапқы орында тұратынын көрсетеді. Тазалық бар жерде, сапалы жұмыс та, береке де бар екенін ешкім жоққа шығармайды.
Сенбілік серпін сыйлайды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» тазалық акциясы бүгінде қазақстандықтардың күнделікті дағдысына, өмір салтына айналып келеді. Өткен сенбіде дәл осы бастамаға қазалылықтар да үн қосты. Жерлестер аудан көлемінде қарқынды сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Сенбілік жұмыстарына ауданымыздың барлық кент, қала және ауылдық округтері, дербес бөлім қызметкерлері ерікті жастар мен тұрғындар белсене қатысып, санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізілуіне өз үлестерін қосты.
Жалпы аудан көлемінде өткізілген тазалық шарасында Әйтеке би кентіндегі «Қазалы мәдени-демалыс кешені», М.Шоқай көшесі, аудан әкімдігі ғимаратының алдындағы Әйтеке би ескерткіші аумағы, Теміржол вокзалы аумағы, 5 квартал аумағында ғы көшелер мен қоғамдық орындардағы шөптер шабылды. Сондай-ақ бірқатар көше бордюрлері мен ағаш түптері әктеліп, қоршаулар, электр бағаналары мен жол белгілері сырланып, жаңартылды. Көшелер сыпырылып, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар мұқият жиналды.
Сенбілік барысында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. «Тазалық – тек қоғамдық жұмыс емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі» екенін айтқан аудан басшысы барша тұрғындарды туған жердің тазалығы үшін жасалып жатқан шараларға бірлесе атсалысуға шақырды. Сеньілік аясында саябақтар мен аллеяларда тал егу шараларыда ұйымдастырылды. Жалпы аудан бойынша тазалық акциясы аясында 500-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды. Ал аудан бойынша 500-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылып, 12,7 тонна жиналған қоқыс арнайы орындарға шығарылды.
Табиғатқа жанашырлық танытып, туған жерді көркейтуге үлес қосқан әрбір сәт жүрекке жылылық ұялатады. Қоғамға серпін сыйлайтын ізгі бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Санитария талапқа сай болса...
«Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар» деп Абай атамыз айтқандай, жұмырбасты әр пенденің барлық қажеттілігі осы базармен байланысты. Десек те, бұл сауда орындарындағы санитарлық ахуал қандай? Бар мәселе осында. Жуырда осы мақсатта аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі «Орын-ай», «Болашақ», «Арзан» сынды орталық базарлар, сауда орындарын және Әйтеке би көшесінің бойындағы кәсіпікерлік нысандарды аралады.
Аудан басшысы базар әкімшіліктеріне сауда орындарының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, ішкі-сыртқы аумақтарын абаттандыру, барлық талаптарға сәйкестігін сақтау қажеттігін айтып, сатушылар мен келушілерге қолайлы жағдай жасалуы тиіс екендігін ескертті.
Аралау барысында бұл орындардың халық көп шоғырланатын аумақ екенін ескере отырып, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысына өрт қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауды, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына сауда орындарының тазалығына ерекше мән беруді тапсырды.
Бұдан бөлек, аудандық полиция бөліміне базар маңындағы орталық көшелердегі көлік қозғалысын реттеу жүктелсе, Әйтеке би кентінің әкімі мен кәсіпкерлік бөлімінің басшысына кәсіпкерлермен бірлесіп, тозығы жеткен жарнама тақтайшаларын жаңарту, сауда орындарының сыртқы келбетін ретке келтіру, базар аумағында әктеу, сырлау, дүкендердің сыртқы әйнектерін тазалау, жалпы базар маңындағы орталық Әйтеке би көшесінің бойындағы тазалықты қамтамасыз ету міндеттелді.
Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлердің заңсыз қоршауларын алып тастау, көше бойындағы аялдамаларды жуу, аяқсу жүретін арықтарды күнделікті тазалау жөнінде де жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берілді.
Орталық базарды аралаған аудан басшысы бұл орындар аудан тұрғындарынан бөлек, көршілес аудандардың тұрғындарымен қонақтардың жиі келетін орыны болғандықтан, мұнда барлық санитарлық талаптар, тазалық мәселелері қатаң сақталуы керектігін тиісті сала басшыларына қатаң ескертті.

Қош. Салғырттық – саулығымызға кесір. Сондықтан санитариялық тәртіпті қатаң сақтау маңызды. Ал егер тазалыққа тиянақтылық танытпасақ, бұл адамдардың өмір сүру салты мен сапасына да әсер етуі мүмкін. Ендеше, санитарияға немқұрайлы қарамай, салдардың алдын алуға баршамыз біркісідей атсалысуымыз қажет-ақ. Қалай дегенмен, салғырттық сападан сын кетіреді. Сондықтан санитариға селқос қарамайық.

А. ЖҮСІПОВА
14 сәуір 2026 ж. 186 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930