Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сазгерін жырға қосты

Сазгерін жырға қосты

Сырлы әндерімен ел жүрегінен орын алған Кеңес Дүйсекеев – қазақ өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген біртуар сазгер. Қасиетті Қазалы топырағында дүниеге келіп, әуезді әуендерімен тыңдарманын тербеген өнер иесінің есімі де, еңбегі де ел жадында ерекше ілтипатпен аталады. Биыл қазақ музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті композитордың туғанына 80 жыл толып отыр.
Айтулы датаға орай Тасарық ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Ұлт рухын ұлықтаған сазгер» аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдас¬тырылған болатын. Шара барысында ауыл әкімі Әлмұхан Кәрібаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай мәдени бастамалардың жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беретінін атап өтті.
Ұлттық музыка өнерін ұлықтау, жас ақындардың шығармашылық қабілетін шыңдау, сондай-ақ қазақ ән өнерінде өшпес із қалдырған тұлғаның рухына тағзым етуді мақсат тұтқан байқау екі кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қатысушылар Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған арнау өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыпта өздерінің авторлық туындыларын ұсынды. Екі кезең бойынша қазылар алқасы өлеңдердің ұйқасына, көркем¬дігіне, мәні мен мағынасына назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде басықаралық Асылзада Әбиге бұйырды. Бірінші орынды лақалылық Балнұр Қасым иеленсе, екінші орын қожабақылық Нұрай Нұрмаш, кенттік Ақсезім Күнғабыл және жалаңтөстік Рамазан Садыққа бұйырды. Ал үшінші орынды Тасарық ауылынан Мансұр Құттыбай, қазалылық Жанайым Аралбай, майдакөлдік Сахи Самет, арандылық Аяна Наурызбай, жанкенттік Ақтоты Саха және Бірлік ауылынан Асылжан Ордабай өзара бөлісті.
Арман АЛТЫНБЕК
14 сәуір 2026 ж. 160 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930